Алматыда «жоғары жобалық деңгей — реформалардың табыстылығының негізі»атты Қазақстан жобалаушыларының халықаралық форумы өтті.
Форум жұмысына өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры Бегман Құлбаев, «Қазақстан жобалаушыларының Республикалық одағы» өзін-өзі реттейтін ұйымның, еліміздің құрылыс саласының кәсіби бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.
Форум шеңберінде Жобалау ұйымдарын Өзін-өзі реттеуді енгізуді, құрылыс саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіруді, мамандарды сертификаттауды, Қазақстанда инжинирингтік қызметтерді дамытуды, сондай-ақ жобалау саласында табысты халықаралық тәжірибені қолдануды қоса алғанда, жобалау қызметін дамытудың аса маңызды мәселелері қаралды.
Форумды өткізудің негізгі мақсаты-ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Жұмыс тобының қарауына енгізу мақсатында құрылыс кодексі жобасының өзекті мәселелері бойынша құрылыс саласының сараптамалық қоғамдастығының ұстанымын әзірлеу.


